Atasu Group 2026 жылғы 24–26 маусым аралығында Шанхай қаласындағы Shanghai New International Expo Centre көрме орталығында өтетін халықаралық Transport Logistic China көрмесіне қатысады.
Transport Logistic China – көлік, логистика және жеткізу тізбегін басқару саласындағы Азиядағы ең ірі көрме. Atasu Group компаниясының стенді – W2.380. Мұнда компанияның қызметтері, активтері және көлік-логистикалық шешімдерді ұйымдастырудағы тәжірибемізді көрсететін жүзеге асырылған жобалары таныстырылады.
Көрме қонақтары біздің команданы ұлттық нақыш элементтері бар киімдері мен дәстүрлі қазақ қонақжайлығы арқылы оңай тани алады. Біз әрдайым ашық қарым-қатынасқа және іскерлік байланыстар орнатуға дайынбыз.
Егер сіз де көрмеге қатысуды жоспарлап отырсаңыз, сізбен кездесуге қуанышты боламыз.
Shanghai New International Expo Centre
Atasu Group стенді – W2.380
24–26 маусым 2026 жыл