26 маусымда Алматыда Қазақстан мен Таиланд арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға арналған Қазақстан–Таиланд бизнес-форумы өтті. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен өзара байланысты кеңейту — Қазақстанның сыртқы экономикалық күн тәртібіндегі басым бағыттардың бірі.
Форумға қатысқан жүздеген компанияның ішінен ұйымдастырушылар қорытынды сөз сөйлеу мүмкіндігін Atasu Group компаниясына сеніп тапсырды. Компания өз баяндамасында логистикалық мүмкіндіктерін, негізгі қызмет бағыттарын таныстырып, халықаралық ынтымақтастықты дамыту әлеуеті туралы айтты.

Форумға Таиланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Сихасак Пуангкеткео, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исетов, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдары мен іскерлік қауымдастық өкілдері қатысты. Таиланд бизнесін девелопмент, цифрлық шешімдер, азық-түлік өндірісі, логистика және инновация салаларындағы жетекші компаниялардың басшылары таныстырды.
Форум қорытындысы бойынша Atasu Group халықаралық және қазақстандық іскерлік форумдарға қатысуға шақырту алды, халықаралық ұйымдардың өкілдерімен байланыс орнатып, бірқатар іскерлік кездесу өткізу жөнінде уағдаласты.