• 首页
  • 新闻
  • Atasu Group Almaty Museum of Arts-та өтетін «Мүсіндер» көрмесінің серіктесі атанды

Atasu Group Almaty Museum of Arts-та өтетін «Мүсіндер» көрмесінің серіктесі атанды

Atasu Group Almaty Museum of Arts-та өтетін «Мүсіндер» көрмесінің серіктесі атанды

Atasu Group 8 қыркүйекте Almaty Museum of Arts-та ашылатын «Мүсіндер: 1950-жылдардан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан мүсіні» көрмесіне қолдау көрсетті.

Мәдени жобаларды қолдау — Atasu Group-тың әлеуметтік бағыттарының бірі. Компания Қазақстанда 28 жылдан бері жұмыс істеп келеді және елдің мәдени мұрасын сақтауға үлес қосуды маңызды деп санайды.

«Atasu Group елдерді байланыстырады. Бірақ жай ғана бағыт қалыптастыру жеткіліксіз. Нағыз байланыс адамдар арасында орнайды. Сондықтан біз бұл көрмеге қолдау көрсетуді жөн көрдік. Мұнда Қазақстан мүсін өнерінің жетпіс жылдық тарихы және осы уақыт аралығында еліміздің қалай өзгергені көрініс табады», — дейді Atasu Group негізін қалаушы Марат Жұман.

«Мүсіндер» соңғы онжылдықтардағы Қазақстан мүсін өнеріне арналған ең ауқымды зерттеу жобаларының бірі болмақ. Бір кеңістікте кеңестік кезеңдегі туындылардан бастап қазіргі суретшілердің тәжірибелік жұмыстарына дейінгі 50-ден астам шығарма ұсынылады.

Көрмеге Хакімжан Наурызбаев, Исаак Иткинд, Еркін Мергенов, Рысбек Ахметов, Молдақұл Нарымбетов және Аида Әділбек сынды авторлардың еңбектері қойылады.

Қазақ тіліндегі «мүсін» сөзі әрі «скульптура», әрі «адамның бейнесі» деген мағынаны білдіреді. Көрме адам бейнесі арқылы жады, отбасы, ұлттық бірегейлік және Қазақстанның соңғы жетпіс жылда бастан өткерген өзгерістері туралы сыр шертеді.

Көрме Almaty Museum of Arts-тың бір жылдығына арналған негізгі мәдени оқиғалардың бірі болып, 2027 жылдың мамыр айына дейін жалғасады.

Көрменің ашылуына орай қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде безендірілген каталог та жарық көреді. Оған куратор Әлия Тизенгаузеннің, сондай-ақ өнертанушылар Валерия Ибраева мен Александра Цайдың мәтіндері енеді.